Текст
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша біздің мұғалімдер «АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТУРИЗМ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, АЛҒАШКЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ құрмет грамоталарымен марапатталды. Владислав Станиславович Пашкевич, АӘД оқытушысы, оқушыларды облыстық әскери-патриоттық іс-шараларға сапалы дайындағаны және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулығаны үшін және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тамбовцев Дмитрий Юрьевич дене шынықтыру пәні бойынша балаларды дамытып, тәрбиелегені үшін құрмет грамотамен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз, сәттілік тілейміз және алда жеңістер көп болсын.