Текст
Бүгін мектебімізде «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» атты қызықты тақырыпта сынып сағаты өтті. Шара 5-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Сынып сағатында балалар Қазақстан тарихына терең бойлап, көрнекті тұлғалар мен Отанымыздың бай мәдени мұрасы туралы мағлұмат алды.Оқушылар Қазақстан тарихының дамуында маңызды рөл атқарған Құрманғазы, Абай Құнанбаев сынды тарихи тұлғаларды талқылады. Сынып сағаты мәдени мұраға қамқорлық жасаудың маңыздылығы және әрқайсымыз қалай ұлы болып, тарихта із қалдырамыз деген сөздермен аяқталды.