«Ақмола   облысы   білім       басқармасының Сандықтау  ауданы  бойынша  білім  бөлімі  Балкашин  аулының  №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 села  Балкашино   отдела  образования  по Сандыктаускому  району  управления   образования    Акмолинской   области»

Біз әлеуметтік желілерде

Қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге бағытталған сайттар

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылар үшін әңгіме тек қана тәрбиелік мәні бар емес, сонымен қатар өте пайдалы болды.

05.03.2024

Бүгін құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспары аясында полицияның кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Әубәкіров Әнуар Қанағатұлы мектеп оқушыларымен әңгіме өткізді. Әңгімелесу тақырыптары: заңдылықты сақтау, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, қоғамдық орындарда және бұқаралық іс-шаралар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері, көшеде және көлікте өзін-өзі ұстау ережелері, темекі шегудің алдын алу, отбасындағы тәртіп. Әнуар Қанағатұлы тек заңдарға тоқталып қана қоймай, жасалған құқық бұзушылықтың салдары қандай болатынын мысалдармен келтірді. Сондай-ақ Әнуар Қанағатұлы балаларға өзінің жұмыс ерекшеліктері, заң факультетіне түсу тәртібі, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен полиция қызметінің әртүрлі бағыттары туралы айтып, ІІМ оқу орындарына түсуге шешім қабылдаған үміткерлерге қойылатын талаптар туралы айтып берді. Жігіттер Ішкі істер министрлігіне қызметке үміткерлерді іріктеу кезінде олардың білім деңгейіне, адамгершілік және іскерлік қасиеттеріне, денсаулығы мен дене шынықтыру дайындығына ерекше мән берілетінін білді. Оқушылар үшін әңгіме тек қана тәрбиелік мәні бар емес, сонымен қатар өте пайдалы болды.

 

Просмотров: 573


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст