Текст
Бөлшек сандар, баскетбол доптары, рим цифрлары, арқандар, көбейту кестелері, дарттар, пайыздар... Бұл жай ғана сөздер емес. Осының барлығын оңай біріктіріп, қызықты, спорттық, ең бастысы интеллектуалды сабақтан тыс шараға қол жеткізуге болады екен. ЖМБ онкүндігі аясында Космонавтика күнін мерекелеу күні 5 «А» және 5 «Б» сынып оқушылары арасында «Математикалық галактика арқылы ғарыштық саяхат» атты спорттық-математикалық эстафета өтті.