Текст
ЖМБ онкүндігі аясында 2024.04.17- 8 «а» сыныбында география пәнінен «Дүние жүзінің саяси картасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Дүние жүзінің саяси картасының негізгі объектілеріне мінездеме беруді үйрену. Сабақ барысында оқушылар дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының негізгі кезеңдерін зерттеп, елдердің бір-бірінен қандай критерийлер бойынша ерекшеленетінін анықтады. Сабақ қызықты және мазмұнды болды.