Текст
Бүгін 2024 жылдың 24 мамырында мектебімізде «Білім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағаты өтті. 2023-2024 оқу жылының қорытындысын шығару. Іс-шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен басталды. Одан кейін барша мектеп оқушыларына құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Білім министрінің сөзін тыңдадық. Оқушылардың өткен оқу жылындағы жетістіктерін бейнелейтін бейнеролик ұйымдастырылды. Сынып жетекшілері оқушылардың оқудағы жетістіктерін, спорттық және шығармашылық жетістіктерін ерекше атап өтіп, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салып, жазғы демалысқа қатысты ұсыныстарымен бөлісіп, барлығына бақытты, жемісті жаз тіледі.