28 маусымда Ақмола облысының оқушылары қатысқан далалық экспедиция аяқталды. Бұл күндер қызықты оқиғаларға толы болды. Балалар экологиялық соқпақ бойынша күрделі тапсырмаларды орындады, циркуль арқылы азимутты анықтады. Титрлеу әдісі арқылы судың кермектігін анықтауды үйрендік және топографиялық карталарды зерттедік. Біздің балалар экологиялық квест бойынша үздік нәтиже көрсетті. Топ жетекшісі Екатерина Владимировна Баранова болды, ал команда құрамында Ярослав Донцов, Ангелина Донцова, Елизавета Шпанагель, Дарья Сташкевич, Анастасия Сташкевич, Руслан Марченко, Сергей Ковалев, Владислав Дырдиков, Мирослав Демешко болды. Далалық экспедицияға қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді. Мектеп әкімшілігі әр қатысушыға тәтті сыйлық берді. Алған білімнің оқушыларға өмірде пайдасы болары сөзсіз.