Онлайн режимінде «Бала қауіпсіздігі» атты ата-аналар жиналысы өтті. Онда баланың терезеден құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы айтылды. Ата-аналарға жазғы уақытта электр қауіпсіздігі, балалардың жарақаттануы және судағы қауіпсіздік туралы ескертілді. Балалар - барлық ата-аналардың өміріндегі ең маңызды нәрсе және әркім өз баласының өмірін қорғауды, оны мүмкіндігінше қауіпсіз етуді және баласын барлық мәселелерден қорғауды қалайды. Күн сайын жаңалықтардан ата-аналардың абайсыздығынан немесе қауіпсіздік шараларын ескермеуінен балалардың басынан өткен оқиғалар туралы оқи аласыз. Құрметті ата-аналар! Қауіпсіздік - біздің өміріміздегі ең маңызды нәрсе. Қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз, үйіңізді күзетіп, балаңызды қадағаласаңыз, мұндай қайғылы оқиға ешқашан сіздің басыңыздан өтпейді. Балаларыңызды тәрбиелеу, күтіп-бағу және оқыту бойынша ата-ананың міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз.