Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге орай 2020 жылдың 1-9 қыркүйек аралығында Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 6-8 сынып оқушылары арасында "Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі"тақырыбында қашықтықтан шығармалар конкурсын өткізді. Байқаудың мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын дамыту, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді тәрбиелеу. Балалар өз шығармаларында мемлекеттің негізгі заңының еліміздің әрбір азаматының өміріндегі маңызды рөлін ашты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынды 6 сынып оқушысы Абуева Айшат, екінші орынды 6 сынып оқушысы Кубрина Анастасия, үшінші орынды 8 сынып оқушысы Меркулов Богдан иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!