Текст
Қазақстан халықтарының тілдер онкүндігі аясында мектепте "Ахмет Байтұрсынов - әліпбидің негізін қалаушы" атты көркем көрме ұйымдастырылды.
Ахмет Байтұрсынов - мемлекет қайраткері, ақын, публицист, ғалым, ағартушы, қазақ тілінің табиғаты, оның ерекшеліктері, терминдері, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. Араб графикасы негізінде қазақ әліпбиін жасап, қазақ жазуының реформаторы болды. Қазақ балаларының білім алуына көп еңбек сіңірді. Байтұрсыновтың құрметіне көшелер, оқу орындары, тіл білімі институты, Қостанай Университеті, мұражайлар мен ескерткіштер аталды.