2024.08.29 - біз бүкіл оқу жылының жоспарын белгілейтін маңызды тақырыптарды талқыладық. Баяндамашылар 2024-2025 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне бірінші кезекте назар аударды. Оқытудағы жаңа тәсілдер, цифрлық технологияларды кіріктіру және оқытудың шығармашылық әдістерін дамыту басты назарда. Әр оқушыға жеке көзқараспен қарауға және олардың жеке жетістіктерін қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Педагогтардың еңбек әрекетінің ең маңызды факторы – психикалық денсаулықты сақтау, өйткені ол білім сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Ұжым табысты, жаңашылдық пен жеңістерге толы жылды күтуде және біз бірлесе отырып, алға қойған мақсаттарымызға жетіп, биылғы оқу жылын оқушыларымыз үшін нәтижелі ете алатынымызға сенімдіміз!