2020 жылы 9 қарашада Ақмола облысы білім басқармасының «Шығармашылық дарынды балалармен жұмыс жасаудың оқу-әдістемелік орталығы» қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында «Мен туберкулез және коронавирус туралы не білемін?» атты аймақтық онлайн викторинасын өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушыларды туберкулез және коронавирустың таралу белгілері мен жолдарымен таныстыру, патриоттық, экологиялық, санитарлық-гигиеналық тәрбиені жүзеге асыру және аурулардың алдын-алу жөніндегі үгіт-насихат жұмыстары болды. Викторинаға барлығы 20 мектеп оқушылары қатысты. Біздің Сандықтау ауданының атынан Балқашин №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Крашаникова Дарья қатысып, «Талыптыға нұр жауар» номинациясында ерекше көзге түсті. Барлық қатысушыларға дипломдар, сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.