Текст
Біздің мектебімізді ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған 1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өтті. Қазақстанның дамуы ешқашан бір орында тұрмайды, жыл сайын Қазақстан дамып, көркейіп келеді. Бұл біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор еңбегі.Тәуелсіздік жылдары еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, өзгерістерге қол жеткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы дана да көреген саясаткер болып, экономикалық даму жолын дұрысын таңдай білді. Халық оны жақсы көреді және оған сенеді. Мереке қарсаңында Елбасымызға күш-жігер мен ұзақ ғұмыр тілейміз.