Текст
№2 мектептің 8А сынып оқушылары сынып жетекшісі В.А.Котельникованың жетекшілігімен Сандықтау ауданының мемлекеттік мұрағатында болды. Мұрағатының директоры Винорадова Г.И. мұрағат тарихы туралы әсерлі дәріс оқыды, көптеген тарихи газеттер мен кітаптарды көрсетті. Балалар өздерін мұрағатшы рөлінде сынап көрудің бірегей мүмкіндігіне ие болды. Оларға тапсырма берілді: құжатты табу және оны сканерлеу олар тапсырманы орындады, бірақ бұл жұмыс оңай емес және үлкен жауапкершілікті қажет етеді екенін түсінді.