Дәстүр бойынша, жаңа жыл мерекесі отбасылық болып саналады, адамдар оны үйдегі жайлылық пен жылулық атмосферасында өткізеді.
2020 жыл аяқталуына жақын калды, балалар үшін ең сүйікті уақыт-жаңа жылдық мерекелер уақыты. Әр үйге шыршалармен, гирляндалардың жарқын шамдарымен және сыйлықтармен бірге әдемі және мейірімді ертегі келеді. Барлығы Аяз Ата мен Ақшақарға сенгісі келеді, қонаққа келуін күтеді. Балалар мен ересектер ескі жылдың күндерін асыға күтеді. Балаларда көп іс күтіп тұр: жаңа жылдық костюм дайындап, Аяз Атаға өлең оқып, туған-туыстарына құттықтау хаттарын дайындап, үйін безендіру керек. Дәстүр бойынша, жаңа жыл мерекесі отбасылық болып саналады, адамдар оны үйдегі жайлылық пен жылулық атмосферасында өткізеді. Міне, біздің мектептің педагогтары оқушылар үшін балалардың үйімен, жайлылығымен және жылулығымен байланысты мерекелік жағдайды ұйымдастыруға тырысты. Әр оқу кабинетінде жаңа жылдық ертегі жасалды, ал мектептің орталық кіреберісінде осы керемет мерекенің басты рәміздері бар композиция орналастырылған: Аяз Ата, Ақшақар, жаңа жылдық шырша.