Текст
Аудандық аурухананың тіс дәрігері Битеуова Гүлжан Мұқажанқызы бастауыш сынып оқушыларымен «Тіс және оларға күтім жасау» тақырыбында әңгіме жүргізді.
Әңгіменің мақсаты:
Тістердің құрылысы мен қызметін түсіндіру. Тіс ауруының себебін түсіндіру. Тістерді сау ұстау қажеттілігін тұжырымдау. Балаңызды өзіне және оның тістерінің жағдайына мұқият болуға үйрету. Балалар дәрігердің хабарламасын үлкен қызығушылықпен тыңдап, викторинаға қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қорытындылай келе, балаларға тістерін күту бойынша ұсыныстар берілді.