2021 жылдың 06 қыркүйегінде Балкашино ауылының 2 жалпы білім беретін мектебінде "Тілдер күніне" арналған "Тіл-анық ойлау көзі"онкүндігінің онлайн - ашылуы өтті. Дәстүр бойынша бұл мереке 1998 жылдан бастап тойланады. Оның басты мақсаты-Қазақстан азаматтарының ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін тәрбиелеу, басқа тілдер мен әртүрлі ұлттардың дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Тіл – халықтың тарихы екенін әрқайсымыз білеміз. Іс-шараны өткізу барысында мектеп оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ, барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті, онда оқушылар Ана тілі туралы көп нәрсе біліп, оны үйренудің маңыздылығын түсінді. Әрқайсымыз үшін ана тілі-бұл жай сөздер мен тіркестер емес. Ана тілі-үйдің есігін ашатын кілт.